astana-view

Көкшетауда «Атамекен» ҰКП жанынан іскер әйелдердің өңірлік кеңесі құрылды

2015 жылғы 17 Сәуір
2283 просмотров

Көкшетауда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанынан іскер әйелдердің өңірлік кеңесі құрылды.

Мұндағы мақсат бизнес қауымдастығы, тұтынушылар мен сатушылармен іскерлік байланысты нығайту, ісін жаңадан бастап жатқандарды арнайы курстар бойынша оқыту арқылы әйел кәсіпкерлердің әлеуметтік капиталының өсуіне жағдай жасай болып табылады.

Кеңестің көшбасшысы ретінде «Sun Liqht» ЖШС-нің директоры Әмина Әділбекова сайланды. Сонымен қатар, кеңес құрамына өңірдегі 21 іскер әйел алынды.

Кұрылған кеңес әйелдерге, яғни олар басқарып отырған шағын және орта бизнестің  дамуы бағытында ақыл-кеңестер беру, техникалық қабілетін және бизнесті басқаруды оқыту арқылы қолдау көрсететін болады.

«Кеңес әйел азаматшаларға өз бизнесін ашуға немесе қолда барын одан әрі дамытуға зор мүмкіндіктер береді», - дейді «Атамекен» ҰКП президиумы төрағасы хатшылығының басшысы Ләззат Рамазанова.

Еске сала кетсек, бүгінгі күні өңірде 400 мыңнан астам әйел тіркелген болса, оның 70 мыңнан астамы өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар. Бүгіндері әйелдерді шағын және орта бизнеске белсенді тарту - ол нәзік жандылар арасында жұмыссыздықты жоюға және тұрақты орта тапты қалыптастыру арқылы олардың экономикалық жағдайын жақсарту үшін ауадай қажет болып отырған жайы бар.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер