ҰКП онлайн-жобасына бизнес проблемалары жөнінде 1600 хат келіп түсті
ҚР ҰКП баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ай ішінде «Кәсіпкерлерді қолдау үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырған ұсыныстар мен проблемалар тізілімі» онлайн-жобасына 1634 өтініш келіп түсті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Ұсыныстар мен проблемалар тізілімі» - бұл кәсіпкерлердің проблемалары жинастырылып, жүйеленетін бөлім. Одан кейін жүйелік кемшіліктер palata.kz Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңартылған сайтының негізінде әрекет ететін проблемалар тізіліміне интегралданады», - делінген ақпаратта.
Әрбір бизнесмен кәсіпкерлік тәжірибесінде кездестірген қиындықтары туралы ақпарат орналастыра алады.
Дерекнамасы: Bnews.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: