astana-view

Қазақстандықтар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тізігін қолына қайта алғанына қуанышты

2015 жылғы 29 Сәуір
3119 просмотров

Қазақстанның өнер майталмандары мен қатардағы азаматтары, кәсіпкерлер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тізігінін қолына қайта алғанына қуанышты. «Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін, президенттік сайлау күні танылған ынтымақ пен бірлік қажет», - дейді ел азаматтары. 

Бибігүл Төлегенова, КСРО халық әртісі:

Қуанышымыз қойынымызға сыймай тұр. Президентіміз өзінің орнына келіп, қайта бізді басқара бастады. Оңынан болсын, ұзағынан болсын. Баянды болсын, барлық мемлекетімізде тыныштық, аспанымыз ашық болсын, еліміз аман болсын, Елбасымыз аман болсын.

Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстан Халық әртісі:

Біз елімізбен бірге, Елбасымызбен бірге әлі талай биіктерге жететінімізге кәміл сенемін.

Еренғайып Шайфутдинов, Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы: 

Елбасы біздің жұртымызға, халқымызға, барлық азаматтарымызға үлкен бір табыс деп санаймын. Құтты болсын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. 

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы: 

Бүгінгі сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай, егер осы бірлігімізді сақтасақ, бейбітшілігімізді сақтасақ, бір-бірімізге сенімімізді сақтасақ, алдағы тұрған белестерді, ата-бабамыз айтқандай, «алынбайтын асу жоқ», сондықтан мұның барлығы елдігімізді, мызғымастығымызды, осы сайлауда көрсеткен бірлігімізді, тірлігімізді бойымызда ұстасақ, мұның барлығы шешіледі алдағы уақытта. 

Дерекнамасы: Астана ТВ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер