astana-view

А.Мырзахметов: ҰКП ҚР Президенті жанындағы ұлттық жаңғырту комиссиясына белсенді қатысуға дайын

2015 жылғы 30 Сәуір
2424 просмотров

Біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде жаңғырту бойынша ұлттық комиссияға белсенді қатысуға дайынбыз. Ол экономиканың әртараптандырылуына қатысады, деді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

«Бүгін салтанатты керемет күн болды, бұл бар халықтың Елбасымен бірге өткізген 25 жыл ішіндегі бірлік пен ауызбірішілік көрінісінің шыңы болды. Бүгін салтанатты аяқталу болды, өте әсерлі сәт, Президенттің сайлануындағы сөзі мен ант қабылдағаннан кейінгі сөзінде біз бір халық, бір ұлт екенімізді сезіндік. Біздің мақсатымыз айқын, мақсатымыз бір, оны өз дауысымызды беріп, бірлігімізді көрсету арқылы дәлелдедік», - деді А.Мырзахметов.

ҰКП басшысы Мемлекет басшысының ұлықтау салтанаты рәсімінде айтқан міндеттеріне назар салды.

«Президент 100 қадам туралы айтты, ҰКП ретінде біз экономиканы әртараптандыруға бағытталған бұл комиссияға белсенді атсалысуға дайынбыз, нақты жоспарлар бар, біз аймақтарды араладық, сондықтан қандай мәселелер кедергі болып отырғандығын білеміз және біз аталған комиссия құрамында жұмыс істеп, Мемлекет басшысы алдыға қойып отырған мәселелерді шешуге дайынбыз», - деді ол.

Бүгін Тәуелсіздік сарайында Елбасы Н.Назарбаевты ұлықтау рәсімі өтті.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы 2015 жылғы 26 сәуірде өтті. Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, дауыс беруге 9 090 920 адам немесе сайлаушылардың 95,21 пайызы қатысқан. Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 8 833 250 даусына ие болды, бұл - дауыс беру рәсіміне қатысқан сайлаушылар даусының  97,75 пайызы.

Дерекнамасы: Strategy-2050

Еншілес ұйымдар

Серіктестер