astana-view

Алматылық кәсіпкерлер тауарларын Таиландта еркін айналысқа түсірмек

2014 жылғы 26 Ақпан
2585 просмотров

Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасында жергілікті кәсіпкерлер таиландтық бизнес өкілдерімен  келелі сұхбат құрды. Кездесуде әңгіме екіжақты сауда-экономикалық байланысты нығайту жайында өрбіді.

Сонымен қатар, шара барысында қос тарап екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізетін бірнеше жобаларды таныстырып өтті.

Өз тарапынан қонақтар алматылық кәсіпкерлердің тауарларының тай елінің нарығындағы еркін қозғалысына көмектесетіндіктерін жеткізді.

Алматы қалалық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ерлан Толысбаевтың айтуынша, тай нарығы отандық өндірушілер үшін тауарын өткізудің қолайлы көзі болып отыр.

«Бұл әсіресе, азық-түлік, зергерлік заттар, туристік сала секторында көрініс бермек. Сондай-ақ, қазақстандық кәсіпкерлерге Таиландтың озық технологиялары мен тәжірибесі қажет болады», - деді Е.Толысбаев.

Шетелдік инвесторлар Қазақстан бизнесіне ұзақ мерзімге несие беруге ниетті екендіктерін жеткізді. Кездесу екі жақтың да көңілінен шығып, экономиканың бірнеше саласы бойынша келісімдерге қол жеткізілді.

Бір айта кетерлігі, бұл шара Астанада өткен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі, KAZNEXinvest компаниясы өкілдері мен таиландтық бизнес-делегация арасында өткен кездесудің заңды жалғасы болып отыр.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер