Әкімшілік құқық бойынша VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция
2015 жылғы 5-6 қарашада Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Заңнама институты, Халықаралық ынтымақтастық бойынша Германия қоғамымен (GIZ) бірлесе отырып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қолдауымен Астана қаласында «Әкімшілік акт: шығару, орындау, дау айту» тақырыбында әкімшілік құқық бойынша VI халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі.
Аталмыш конференция барысында халықаралық стандарттарға сәйкес әкімшілік рәсімдер туралы қолданыстағы заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру перспективаларын, сонымен қатар әкімшілік актілерді әзірлеу, талқылау, қабылдау, жариялау және орындау тәртібін айқындау бойынша сұрақтарды талқылау жоспарлануда.
Конференция жұмысына мемлекеттік органдар өкілдері, судьялар, адвокаттар, прокурорлар, зиялы қауым, оқытушылар өкілдері, және үкіметтік емес ұйымдар мен алыс шет елдік және ТМД елдерінен сарапшылар қатысады.
Өткізу уақыты мен орны: Астана қаласы, ҚР Жоғарғы Сотының конференц-залы, Д. Қонаев көшесі, 39. Қатысушыларды тіркеу
сағ. 09:00-де, конференция сағ. 10:00-де басталады.
Тілшілерді тіркеу телефоны: 74-07-18.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: