24KZ - Еліміздегі шағын және орта бизнестің 40%-ы қыз-келіншектерге тиесілі
Елімізде кәсіпкерлердің қолын байлайтын екі үлкен проблема бар.
Біріншіден, мемлекет тарапынан берілетін қаржылай көмекке кез келгеннің қолы жете бермейді. Сондай-ақ дайын өнімді сату мен сыртқы нарыққа шығаруда қиындық көп. Бұл туралы Астанада өткен іскер әйелдер кеңесінде айтылды. Қазақстанның әр қиырынан келген нәзік жанды кәсіпкерлер саладағы түйіткілдерді талқылады. Бүгінде отандық экономикада әйелдер қауымының үлесі күн санап өсіп келеді. Статистикаға сүйенсек, еліміздегі шағын және орта бизнестің 40%-ы қыз-келіншектерге тиесілі екен. Әсіресе Астана мен Алматы қалаларында іскер әйелдер ерекше белсенді. Мәселен елордада бизнестің 55%-ын нәзік жандылар басқарып отыр. Сондықтан кәсіпкер ханшайымдарды қолдау керек, - дейді мамандар. Осы ретте іскер әйелдер кеңесі мен Астана қалалық әкімдігі өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Енді тараптар осы келісім аясында салада кездесетін кедергілерді бірлесіп шешетін болады.
Ләззат Рамазанова, «Атамекен» ҰКП жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:
- 90-жылдардың соңына қарай Қазақстандағы жұмыссыз кісілердің саны 1 млн-ға жақындады. Дәл сол кезде қыз-келіншектердің үлесі аз. Себебі сол кезде өз дипломдарын шетке қойып, қолайлы іспен айналысып, іскерлікке батылырақ кіріскен сол қыз-келіншектер болды. Мен ойлаймын, бүгінгі дағдарыста біздің аяулы азаматшаларымыз өзінің үлесін де, білімін де қосады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: