ОҚО студенттері 100-ден астам бизнес-жоспарды аймақтық кәсіпкерлер палатасына ұсынды
ОҚО кәсіпкерлер палатасы ашқан 5 студенттік бизнес-инкубаторға 100-ден астам бизнес-жобалар келіп түсті. Бұл туралы BNews.kz тілшісі облыстық кәсіпкерлік палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Бұл бизнес-инкубатор облыстағы ЖОО мен колледждері базасында ашылды. Оларда жоба ұсынушы студенттерге кеңес беріліп, оны қаржыландыруға көмек көрсетіледі. Сонымен қатар жас кәсіпкерлер үшін бизнес-тренинг, семинарлар, іскелік ойындар мен аймақтағы белгілі бизнесмендермен кездесулер ұйымдастырылады. Әрі олар гранттық бағдарламаларға қатысып, республикалық және халықаралық конкурстарға жобаларын жолдай алады», - деп жазылған хабарламада.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері 20-дан астам жоба ұсынған. Олардың арасында интернет-кафе, балаларға арналған дәмхана, қағаз стакандар өндірісі, балаларға арналған шаштараз ашу сияқты жобалар бар.
Дерекнамасы: Bnews.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: