astana-view

СҚО-да «Бизнес мектеп» ашылды

2014 жылғы 03 Наурыз
2400 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында Кәсіпкерлердің өңірлік палатасы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектеріне арналған «Бизнес мектеп» ашты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Облыста техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түлектеріне арналған «Бизнес мектеп» жобасы іске қосылды. Біздің түлектеріміз жеке бизнесін ашуға қаншалықты дайын екеніне талдау жасай келе, қызметкер нақты өндірісте жұмыс істеу үшін теориялық білім алу, тәжірибе жинақтау жеткіліксіз деген қорытындыға келдік», - дейді Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Владимир Литвиненко. 

Оның сөзіне қарағанда, қанатқақты жоба Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде іске асырылғалы отыр. Мұнда түлектерге кәсіпкерлік негіздері оқытылады, олар жеке ісін ашу үшін құқықтық, экономика мәселелері бойынша қажетті білім беріледі. 

Сонымен қатар, биыл барлық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде, болашақта жалпы білім беру мектептерінің базасында осындай мектептер ашу жоспарланып отыр.

Дерекнамасы: BNews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер