astana-view

Отандық тауарларды арнайы дүкендерде сату туралы ұсыныс жасады

2014 жылғы 04 Наурыз
2636 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық тауарларды төмендетілген бағамен арнайы дүкендерде сату туралы ұсыныс жасады деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Бізде мынандай ұсыныс бар, егер біз кейбір жекелеген тауарлардың бағасын төмендетеміз десек, онда тауарларды арнайы дүкенге қою керек. Бізде орта және шағын бизнесте халық жиі пайдаланатын тауар түрлері өте көп. Міне осындай тауарлар бірден нарыққа арнайы дүкендер арқылы түсіп отырса, онда тұтынушы үшін әлдеқайда арзан болар еді", – деді ҰКП басқарма басшысының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева Үкімет отырысында. 

Оның айтуынша, соңғы кездегі еліміздегі экономикалық, қаржылық күрделі жағдайларға орай осындай шешім дұрыс болмақ. Бұған дейін Үкімет 2014 жылы халық тұтынатын тауарлардың бағасы көтерілмей тұрақты болатынын айтқан болатын. 

Дерекнамасы: Tengrinews.kz
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер