astana-view

Кәсіпкерлерді шағын несиемен қамту үшін 4 млрд теңге бөлінді

2014 жылғы 05 Наурыз
2329 просмотров

Биыл Қызылорда облысында шағын және орта бизнесті қолдауға республикалық бюджеттен 4 миллиард теңге қаржы бөлінді.  Жергілікті кәсіпкерлер Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасымен кездесуде  шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийдің жариялануы тың мүмкіндіктерге жол ашып отырғанын айтты. Қызылорда облысында өндірілетін жалпы ішкі өнімнің 8 пайызын шағын және орта бизнес құрайды. Бұл көрсеткішті алдағы 5 жыл көлемінде 25 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Аталған межені еңсеру үшін тұрғындардың кәсіпкерлік бағытындағы жобаларына шағын несие беру аясы кеңейе түспек. Өндірісті өркендету мақсатындағы нақты жобаларды жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге қаржылай қолдау жасау туралы Елбасы шешімі өңірлердің дамуына дем бермек. Бұл ретте Қызылорда облысында да бірегей бастамалар аз емес.

Абылай МЫРЗАХМЕТОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
- Жалпы жергілікті басшылардың да, кәсіпкерлердің, әсіресе Ұлттық палатаның бірігіп жасайтын үлкен жұмысы. Кәсіптің дамуына жағдай жасау. Елбасының айтып отырған ең басты мақсаты - еліміздегі орта, шағын бизнесті өндіру. Әсіресе бұл сыр бойына өте керекті мәселе. Өйткені мұнда шикізат көзінде істейтін кәсіпкерлер көп. Ал халықты негізгі жұмыспен қамту - әсіресе ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту соның ішінде шағын өзінің отбасылық бизнесін ашу. Міне, осы бойынша көптеген пікір алмастық.

Дерекнамасы: Kazakh TV


Еншілес ұйымдар

Серіктестер