astana-view

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры тағайындалды

2014 жылғы 06 Наурыз
4938 просмотров

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің шешімімен ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры болып Дулатов Жеңісбек Камалидинұлы тағайындалды. Бұл туралы ОҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен хабарлайды.

Дулатов Жеңісбек 1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. Алматы экономикалық университетін «мұнай бизнесі» мамандығы бойынша үздік бітіріп, 2012 жылы Қазақ әлеуметтік-құқықтық университетінде «құқықтану» мамандығы бойынша дәріс алған.

Еңбек жолын 1998 жылы «Саутс ойл» ЖШС бастап, 2001 жылы «Альянс банк» АҚ басшылық қызметінде жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап «Fidelity Collection Services» ЖШС Шымкент қаласындағы өкілдігін басқарды.

2010-2012 жылдары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «ҚазАгро» ҰБҚ» АҚ басқарушы қызметтер атқарған. 2012 жылдың қазан айында ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары, 2013 жылдың қазан айынан бастап ОҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары лауазымдарында болған.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер