astana-view

ХАБАР - Кооперацияның тиімділігі неде?

2016 жылғы 01 Ақпан
2787 просмотров

Кооперация дегеніміз не? Оның тиімділігі неде және қандай түрлері бар?

Зайнұр Байжігіт, тілші

-Алдымен кооперация сөзінің этимологиялық мағынасына тоқталайық. Латын тілінен «кооперацио» сөзі біздіңше ынтымақтасу дегенді білдіреді. Ұсақ саудадан экономикаға тиетін пайда елеусіз. Сондықтан үкімет қарапайым алыс-берістен гөрі, субъектілердің күрделі кооперациясын көргісі келеді. Өйткені алып сауданың кірісі зор.

Сапарбай Жұбаев, экономика ғылымдарының докторы

-Ең өте дамыған мемлекеттер кооперация мәселесінде бұл – Израиль. Суы жоқ тақыр, құмды далада орман шаруашылығын, оның өнімдерін көрші мемлекетерге сатуға дейін жеткізді. Осының барлығы Израильдегі кооперативтердің пайдасының әсері.

Кооперацияның тиімділігі шығынның оңтайландырылуында. Тәуекел де, инвестиция да бірге қорғалады. Алайда ол субъектілерді бір-біріне тәуелді етіп қояды. Өндірісті бірге ұйымдастыру арқылы табыс бөліске түседі. 

Ербол Есенеев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тамақ өнеркәсібі комитетінің хатшысы

-Ортаға салынады, сол сұрақ. Пайданы қалай бөлетіні. Қайда жіберетіні. Екі бағытта пайдалануға болады. Өздеріне бөліп алуға болады. Екінші жағынан тапқан пайдасын кооператвитің жағдайына пайдалануға болады. 

Ғани Өтепбайұлы, тележүргізуші

-Зайнұр, ал кооперативтерге мемлекет тарапынан қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Зайнұр Байжігіт, тілші 

-Мемлекет кооперативтерге үлкен жеңілдік жасап отыр. Мәселен, салықтың бес түрінен 70 пайыз жеңілдік жасалады. Мұндай көмек ешбір елде жоқ.

Рүстем Құрманов, «Атамекен» ҚР ҰКП агроөнеркәсіптік кешен комитетінің хатшысы

-Бұрын шаруалар өндірушілермен біріге алмайтын. Ал қазір фермерлер кәсіпорындармен және жеке тұлғалармен қосылып жұмыс істей алады.

Сондай-ақ кооперативтердің жұмысын бұрынғы совхоз немесе колхозбен салыстыруға болмайды. Себебі ол мемлекеттің меншігі емес. Ондағы үлестің барлығы жекенің қол астында. Жауапкершілік те барлығына ортақ болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер