astana-view

ШОБ тексеруге қойылған шектеу - уақытылы шара

2014 жылғы 07 Наурыз
2587 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Елбасы тапсырған 3 жаңа құжатты қарқынды әзірлеуде. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Әлеуметтік орта және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов мәлімдеді. Оның айтуынша, шағын және орта бизнес нысандарын тексеруді азайту туралы жарлық уақытылы қабылданған құжат. Ресми статистика бойынша, өткен жылы 183 тексеріс өтті. Нәтижесінде бизнесмендерге 14 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды. Мұндай шаралардың жартысы  жоспардан тыс жүргізілген.

Талғат ДОСКЕНОВ, ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ  ПРЕЗИДИУМЫ ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Соңғы жылдары тексеріс саны 2 есе азайғанымен, елде кәсіпкерлікті дамыту үшін түрткі керек. Әсіресе, бизнес ашуға бастапқы капитал болуы тиіс. Қазіргі таңда кәсіпкерлер мәселелері өте көп. Олар сыртқы экономикалық саясат және Қазақстанның Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа кіруімен байланысты.

Дерекнамасы: Kazakh TV


Еншілес ұйымдар

Серіктестер