Қызылорда облысы өнеркәсібінің 90%-ға жуығын кен өндіру саласы құрайды
Қызылорда облысы өнеркәсібінің 90%-ға жуығын кен өндіру секторы – мұнай мен уран құрайды. Бұл туралы Bnews.kzтілшісіне КҰП өңірлік өкілдігінің басшысы Дінмұхамед Әбсаттаров айтып берді.
«Өңірде мұнай-газ компаниялары жүйе құраушы кәсіпорын болып табылады. Біздегі 12 мұнай және 29 мұнай сервистік кәсіпорында 13,4 мың адам жұмыс істейді. Бүгінде мұнай және мұнай өнімдері үлкен көлемде экспортқа шикізат күйінде шығарылуда, есесіне дайын мұнай өнімдері мен химиялық өнімдер импорты жыл сайын өсіп келеді. 2011 жылы импорт 23 млн АҚШ долларын құраса, 2012 жылы 31,6 млн долларға жетті. Ал өткен жылы 37,1 млн долларға дейін өсті», - дейді Дінмұхамед Әбсаттаров.
Оның айтуынша, Қызылорда облысында металл және металл бұйымдары импорты соңғы 3 жылда 500 миллион АҚШ долларын құраған.
«Сонымен қатар, облысымыз мыс, қорғасын, мырыш, алтын сияқты бағалы металдардан құр алақан емес. Біздің жеріміз қара металдарға да бай: темір, титан, ванадий өндіріледі. Егер кен өндіру жобаларын іске асырумен шектелмей, шикізат қорын өңдей бастасақ, Қызылорда дотацияларға мұқтаж болмайтын, өзін-өзі қамтамасыз ететін өңірге айналушы еді», - деп толықтырды ол.
Дерекнамасы: Bnews.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: