astana-view

Қытай бизнесмендері Астанаға келеді

2016 жылғы 27 Сәуір
6364 просмотров

Отандық кәсіпкерлер Қазақстан-Қытай арасындағы бизнес-форумға шақырылуда

2016 жылдың 3 мамыры күні Астанаға ҚХР ШҰАА партком хатшысы Чжан Чуньсянь бастаған Қытай бизнесмендері келеді. Делегация құрамына тау-кен, ауылшаруашылық, көлік, телекоммуникация және туризм салаларында қызмет етіп отырған 29 компания енген.  

Қытай делегациясының іс-сапары аясында  "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан-Қытай арасындағы бизнес-форум өтеді.

Бизнес-форумда қазақстандық компаниялардың инвестициялық жобалары таныстырылып, екіжақты кездесулер ұйымдастырылмақшы. Бизнес-форумның өтетін орны "Пекин Палас" қонақүйі. Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыс нөміріне хабарласуға болады: 8 (7172) 919 324 (Ажар Қасымова). 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер