astana-view

Алматылық кәсіпкерлер ТРМКД-мен меморандумға қол қойды

2014 жылғы 11 Наурыз
2457 просмотров

Алматы қалалық кәсіпкерлік палатасы мен қалалық техникалық реттеу және метрология комитеті департаментімен өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Бұл туралыBNews.kz тілшісі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат кәсіпкерлердің техникалық реттеу және өлшемдер бірлігінің бірыңғайлылығын қамтамасыз ету бағытында жасалған. 

Меморандумға техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінен Г.Халықова, ал кәсіпкерлік палатасынан Е.Стамбеков қол қойды. 

Тараптар аталған құжатқа қол қойылуы билік пен бизнес арасында конструктивті қарым-қатынас орнату бағытындағы тағы бір қадам екенін айтты. 

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер