astana-view

Грант ұтып алған ақтөбелік кәсіпкерлер жобаларын жүзеге асыруға кірісті

2014 жылғы 12 Наурыз
2684 просмотров

Кәсібін бастауға грант ұтып алған ақтөбеліктер жобаларын жүзеге асыруға кірісті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Өткен жылдың аяғында Ақтөбеде «Atameken startup» деп аталатын байқау ұйымдастырылған болатын. Оған екі жүзге тарта адам қатысты. Олардың қатарында арбаға таңылған Шахан Шахмаран да болды. Бірінші топтағы мүгедек бұрынан ғимараттарға пандус салуды армандайтын. Себебі, күнделікті өмірінде сатыдан көтеріле алмай талай қиналған еді. Енді пандус құрастыруға тапсырыстар қабылдамақшы. 

«Халықаралық қордың екі миллион теңге көлеміндегі инвестициялық грантын ұтып алдым. Қазір кәсібімді бастауға барлық құжаттарым әзір. Қаржы да наурыз айында қолыма тиеді. Өз ойымызды жүзеге асыруға қол ұшын берген Ақтөбедегі аймақтық кәсіпкерлер палатасына алғысым шексіз,»-дейді Шахан Шахмаран. 

Шахан секілді тағы бірнеше ақтөбелік кәсібіне білек сыбана кіріспекші. Солардың бірі жеке кәсіпкер Жанар Жұмашова инвестициялық гранттың арқасында консалтинг компаниясын ашып, бизнесмендердің біліктілігін арттыруды ойластырып отыр. Ал жас кәсіпкерлермен кездесуге келген аймақтық кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Исламбек Сәлжанов осындай байқаулардың жыл сайын ұйымдастырылып тұратындығын айтып уәде берді.

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер