astana-view

Қазақстан мен Түркия бизнес саласын өркендетуге әзір

2014 жылғы 13 Наурыз
2783 просмотров

Еліміз Түркиямен шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында әріптестікке дайын.

Бұл туралы бүгін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пен Түркияның сауда палатасы және тауарлы биржа одағының президенті Рифат Хисарджиклыоглудың кездесуінде айтылды. Қос тарап кәсіпкерлікті дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум бекітуге уағдаласты. Түркияның сауда палатасы мен тауарлы биржа одағы – 360-тан астам аймақтық сауда, өнеркәсіптік теңіз палаталары мен тауарлы биржалар кіретін ірі бизнес қауымдастық. Бұдан былай Ұлттық кәсіпкерлер палатасы түріктік компаниялар мен мекемелер туралы мағлұматтар базасына кедергісіз кіре алады. Бұл өз кезегінде Түркияның бизнес өкілдерімен тікелей байланыс орнатуға сеп болмақ.

Рифат Хисарджиклыоглу, Түркия Республикасының сауда палатасы мен тауарлы биржа одағының президенті:

- Қазақстанда осындай ірі бизнес құрылымның қалыптасқанына бек қуаныштымыз. Біз бұдан былай өзара кеңесіп тұрамыз. Консультативтік көмекке дайынбыз. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуды қолға алғандарыңыз туралы жақсы білемін. Меморандумды жуырда бекітеміз. Содан кейін біздегі бизнес субъектілерімен байланыс орнату да оңай болады.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер