astana-view

Қызылорда облысында 8 мыңнан астам адам кәсіпкерлік мектебінде оқуды жоспарлап отыр

2014 жылғы 13 Наурыз
2521 просмотров

Қызылорда облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Бизнес-мектеп» жобасын іске қосты.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша, аталмыш жобаның бір бағытына сай, 8 мыңнан астам адам биыл кәсіпкерлік әліппесі бойынша кешенді білімге қол жеткізеді.

Бизнес-мектептегі лекцияның алғашқы тыңдаушылары Қазақ гуманитарлық-заң және техникалық колледжінің бітіруші курсы студенттері мен «Туризм» және «Қонақ үй шаруашылығы қызмет көрсету ұйымы» мамандары.

ӨКП мамандары түлектерге қандай іспен айналысу, қандай салада қызмет ету және оны қандай қаржымен алып жүру бойына кеңес берді. Студенттер кәсіпкерлікке қолдау беретін мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат алып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының міндеттемелерімен танысты.

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер