astana-view

ХАБАР - Кейбір Араб елдеріне визасыз режим енгізу ұсынылды

2016 жылғы 06 Қыркүйек
1515 просмотров

Қазір өнімділікті арттырудан бөлек, өнімді сату мәселесі де күн тәртібінде тұр. Елде инвесторларды тарту, сол арқылы кәсіпкерлердің өрісін кеңейту – басты міндеттің бірі.

Алдағы уақытта елімізде кейбір Араб елдері үшін визасыз режим енгізілуі мүмкін. 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері Үкіметке осындай ұсыныс білдірді. 

Палата төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев: «Бұл елге ірі инвесторларды тарту үшін қажет», – дейді. Айтуынша, артық қағазбастылық шетелдің қалталы азаматтарын әуре-сарсаңға салып, экономикамызға қаржы құюына кедергі болып отыр. 

Нұржан Әлтаев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары 

- Ол кәсіпкерлік үшін өте жақсы. Өйткені сол мемлекеттің кәсіпкерлері осы бізге келіп, өз бизнесін бастауға, кедергісіз бизнес бастауға, инвестиция тартуға өте қолайлы. Кувейт сияқты мемлекттермен визалық режимді алып тастауға болады. Өйткені Кувейт – өздеріңіз білетіндей өте дамыған ел. Олар туризм жағынан қызығушылық танытып отыр.

Ауылды жерлерде кәсіп ашамын деген азаматтарға жағымды жаңалық бар. Кәсіпкерліктің ұңғыл-шұңғылын ұға бермеген соң, өңір азаматтары көбіне-көп мемлекет беретін жеңілдетілген несиеге қол жеткізе алмайтын. 

Оларды бизнестің қыр-сырымен таныстыру үшін аймақтарға арнайы барып жатқан банк өкілдері де болмаушы еді. 

Енді бұл міндеттерді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз мойнына алмақ. Жаңа жоба 2017 жылы қолға алынады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер