Әкімшілік кедергілерді жоюға қатысты заң жобасы қаралады
Ертең, 21 қазан күні Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанынан құрылған заң жобалау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді
Шараға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов қатысады.
Жиналыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік кедергілерді жою мәселелері жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралады.
Заң жобасының мақсаты кәсіпкерлік қызметпен айналысушылардың жағдайын жақсарту. Онда дау-дамайларды сотқа дейін реттеуге қатысты өзгертулер енгізу қарастырылған. Оның ішінде экологиялық бақылау және санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға қатысты мәселелер де бар.
Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: