Кәсіпкерлер құқығын бірге қорғаймыз!
Шағын және орта кәсіпкерлікке жарияланған мораторий бизнесті өркендетіп қана қоймай, ел экономикасының өсуіне де өз үлесін қосады. Бұл шымкенттік іскер азаматтардың пікірі. Облыстық қаржы полициясы мен кәсіпкерлер палатасы бірлесіп өткізген басқосуда кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесі жан-жақты сөз болды. Бизнес өкілдері өздерін толғандырып жүрген сауалдарға нақты жауап алды. Заң бойынша азаматтардың арыз-шағымы 1 ай ішінде қаралуы керек. Осыны ескерген Қаржы полициясы департаменті заңсыз тексерулер мен рейдерлік деректер бойынша тез шешім қабылдайтын арнайы мобильдік топ құрыпты. Құзырлы орган өкілдері бұндай басқосуларды алдағы уақытта шалғай аудандарда да өткізуді жоспарлап отыр.
Айдос Шүкірбеков, Кәсіпкер:
-Мораторий негізінде кәсіпкерлерге, әсіресе енді дамып келе жатқан біз сияқты кіші кәсіпкерлерге үлкен мүмкіндіктер береді. Өйткені фирмада адам саны да көп емес, бір адам тексеруге келгендермен айналысып, құжаттармен жүрсе, жұмыс көзі тоқтап қалады. Бір жыл өз ойыңмен ары қарай не істеймін, кәсіпкерлікті қалай дамытамын деген оймен алаңдамай, жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Серікбай Ерімбетов, ОҚО қаржы полициясы департаментінің басшысы:
-Біз кәсіпкерлер палатасымен бірігіп жұмыс тобын құрдық. Қолданыста жүрген заңнамалардың қандай қиындықтары бар. Кәсіпкерлер жұмысына кедергі жасай ма, немесе олардың жұмысын әрмен қарай жақсы жағынан үдетуге қандай көмек бере аламыз.
Дерекнамасы: Хабар
Пікір қалдыру:
Пікірлер: