astana-view

Астанада «Атамекен» қолдауымен фэшн-шоу өтеді

2016 жылғы 15 Желтоқсан
2865 просмотров

18 қарашада сағат 16.00-де Астанада «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен, жеңіл өнеркәсіпті дамыту мақсатында фэшн-шоу өтеді. Онда «Sa belle» дизайн және имидж мектебінде тәлім алған бірқатар жас дизайнерлердің қиялынан туған сәнді киімдер көрсетіледі.

Жас дизайнерлер өздерінің топтамаларын 10 метрлік подиумда көрермендер назарына ұсына алады. Фэшн-шоуда сондай-ақ, «Sa belle» fashion-жобасының авторы әрі жетекшісі Белла Сәт-Мырзаның жаңа топтамасының таныстырылымы өтеді.

Қазіргі таңда отандық жеңіл өнеркәсіп саласында біліктілігі жоғары дизайнерлерге тапшылық бар. Сол себепті, Ұлттық палатаның қатысуымен, қазақстандық  кәсіпкерлер заманауи технологияларды пайдалана отырып оқытуды жолға қойып, саланы жаңа деңгейге шығаруды көздеуде.

Имидж және дизайн мектебінде оқыту бірнеше бағытта жүргізіледі. Олардың қатарында  киім дизайны, имидж және стильді қалыптастыру бағыттары да бар. Мектеп жанында шоу-рум мен брендті маталар дүкені де ашылған екен. Дүкеннің ашылғанына жарты жылға жуық уақыт өткеніне қарамастан, мұнда 300-ден астам адамға қызмет көрсетілген. Олардың арасында белгілі әнші Роза Рымбаева да бар.

Шараны «Орда FM» радиосындағы «Джентельмендер лигасы» жобасының авторлары Азамат және Антон жүргізеді. 

Фэшн-шоу бағдарламасында, сондай-ақ, белгілі сән салонының шеберлік сыныптары, бағалы сыйлықтарды ойнату (оның ішінде Миланда өтетін шопинг-тур да бар), шоппингке арналған жеке аумақта топтама сатылымы мен фуршет өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Шараның өтетін орны мен мерзімі: 2016 жылдың 18 желтоқсаны, сағат 16:00-де, Астана қаласы, Абай көшесі 47, «Рамадан плаза» қонақ үйі.

Аккредиттеу мәселелері бойынша «Атамекен» ҚР ҰКП Жұртшылықпен байланыс департаментінің 7 (7172) 91 93 67 байланыс нөмірі мен pr@palata.kz электрондық поштасына хабарлама жолдасаңыздар болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер