astana-view

БАӘ сауда компаниясымен байланыс орнатылады

2016 жылғы 28 Желтоқсан
6135 просмотров

«Атамекен» кәсіпкерлерге өнімін Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) экспорттауға қолдау көрсетуге дайын

Бүгін, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі трейдерлік компаниямен селекторлық тәртіпте кеңес өтеді.

Бұл шетелдік сауда компаниясы бұршақ, астық және майлы дақылдар сынды ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға қызығушылық білдіруде.  

Осы орайда, ҰКП, барлық ынта танытқан кәсіпкерлерге құлақтандыру жасап, шараға белсенді атсалысуға шақырып отыр. Өйткені «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев төрағалық ететін жиын барысында ынтымақтастық қырлары, баға мен көлем, логистика жайы сияқты нақты өзекті мәселелер талқыланатын болады.

Өңірдегі бизнес иелері кеңеске өңірлік Кәсіпкерлер палаталарына барып, селекторлық байланыс арқылы қосыла алады.

Өтетін уақыты мен орны: 28 қаңтар, сағат 15.00-де; Астана қаласы, «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимараты, «Б» блогы, 10-қабат, «Мұғалжар» мәжіліс залы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер