astana-view

Ақтөбеде ірі кәсіпорындар жастарды жұмыспен қамтуға көмектеседі

2014 жылғы 18 Наурыз
3168 просмотров

Ақтөбедегі ірі кәсіпорындар арнаулы оқу орындарының түлектеріне қолдау көрсететін болады, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Ақтөбедегі хром қосындылары зауыты мен «Сервис и К» серіктестігі техникалық колледжбен келісімшартқа отырды. Енді бұл оқу орынның студенттері аталмыш кәсіпорындарда ғана өндірістік тәжірбиеден өтетін болады. Ал оқытушылар болса, мекеменің қаржылай қолдауымен біліктіліктерін арттып отырмақшы. 

«Ұстаздардың да өндірісті өз көздерімен көргені жақсы. Себебі, студенттерге сабақ берген кезде тек теориялық біліміне ғана жүгінбей, сапалы дәріс беретін болады. Ал өндірістік тәжірбие кезінде өзін жақсы қырынан көрсеткен студенттер бірден қызметке алынады. Мұндай келісім кәсіпорын мен оқу орнына пайдалы. Диплом алған бойда түлек жұмыс орнын іздеп сабылмайды», - дейді Ақтөбедегі аймақтық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Венера Шавкилова. 

Сондай-ақ, кәсіпкерлер палатасы өзге де жұмыс берушілерге арнаулы оқу орындарымен осындай тығыз қатынаста болуды насихаттауда. 

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер