astana-view

ҚР Өңірлік даму министрі Б.Жәмішев ОҚО-ға жұмыс сапарымен келді

2014 жылғы 20 Наурыз
2774 просмотров

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев «Оңтүстік» индустриалдық аймағында іске асып жатқан бірнеше жобалармен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Министр индустриалды аймақтағы әйнек шығаратын «Фирма Дана», полиэтилен құбырларын шығаратын «Компания ЮгПласт», пластмасс қақпақтар шығаратын «Spirit Kazakhstan», полипропилен және пластмасса бұйымдарын шығаратын «ЮгРегионПласт», автомобиль майларын шығаратын «Hill Сorporation» кәсіпорындарының өндірістік кешендерін аралап көріп, жұмысшыларымен кездесті.

Болат Бидахметұлы осы сапары барысында «Оңтүстік» индустриалдық аймағында облыстық кәсіпкерлер палатасы оқу орталығының ашылу салтанатына қатысты. Мұндай орталық елімізде тұңғыш рет Шымкентте ашылып отыр. Орталық аймақ кәсіпорындары үшін кадрлар дайындайды, оларды қайта даярлаудан өткізіп, біліктілігін арттырады. Оқу орталығының бағдарламасы «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан кәсіпорындардың қажеттілігіне сай әзірленіп, олардың кадрлық сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған. Орталық түрлі саладағы білікті мамандармен, замануи оқу құралдарымен қамтылған. Қазіргі таңда мұнда тыңдаушыларға 20 техникалық мамандықтар бойынша білім беріледі, осы күнге дейін 538 адамды оқытуға тапсырыс түскен. Оқыту мерзімі оқытылатын мамандықтың күрделілігіне қарай 1 айдан 3 айға дейінгі мерзімге созылады. Тыңдаушылар оқыту курсын толық аяқтаған соң аттестацияға кадр дайындауға өтініш берген кәсіпорындар басшылары да қатысып, тыңдаушыға өз бағасын беріп, сертификат табыстайды.

Бұдан кейін ҚР Өңірлік даму министрі Б.Жәмішев облыс әкімдігінде аймақатрмен селекторлық мәжіліс өткізіп, аймақтарда кәсіпкерлікті дамытудың жүйелі шараларын талқылады.

Дерекнамасы: BAQ.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер