Қазақстанда бүкіләлемдік Blockchain Conference өтеді
2017 жылдың 14-15 маусым күндері Астанада Blockchain Conference Astana конференциясы болады
Конференцияда блокчейн-индустрия өкілдері дүние жүзінен бас қосып, мемлекеттік, қаржылық және энергетикалық ортада технологияны енгізу тәжірибелерімен бөліседі.
- Blockchain – Қазақстандағы ең ауқымды шара;
- Әлемнің 20 спикері, 10 сағат бірегей білім мен нетворкинг;
- Қаржылық технология, e-gov пен энергетиканың сұраныстағы блокчейн-жобаларының таныстырылымы;
- Microsoft, IBM, Deloitte, KPMG блокчейн қолдану тәжірибесі және т.б.;
- Конференцияға цифрлық және ақпараттық технологияны дамыту мен енгізуге жауапты Қазақстанның мемлекеттік органы өкілдерінің қатысуы;
Конференция бағдарламасында бір күн конференция, пікір-талас алаңы, көрме аймағы, сонымен қатар спикерлер мен конференция қонақтарына арналған кешкі ас қарастырылған.
Конференцияның тақырыптары:
- Қазақстан — FinTech инновация үшін шексіз мүмкіндік
- Қаржылық әлемдегі блокчейн
- Қауіпсіз төлем шешімдерін жасау
- e-gov, e-voting үшін блокчейн
- Заңнама және реттеу
- Барлығын қамтитын технология: real-cases үздіктер
- Блокчейн в энергетическом секторе
Конференцияның екінші күні, 2017 жылдың 15 маусымында әлемнің 200-ден астам елінің экспозициясы қойылған Expo2017 Future Energy бірегей кешеніне саяхат жасалады.
Blockchain Conference Astana жиынына қатысушылардың қатарында дүние жүзінің банк пен қаржы секторының өкілдері, қаржылық қызмет көрсету, энергетика, мұнай-газ компанияларының иелері, save-energy, сондай-ақ, мемлекеттік интитуттың өкілдері болады.
Blockchain Conference Astana жаңалықтарынан хабардар болу үшін bconference.kz сайтындағы ақпаратпен танысып, хат таратылымына жазылыңыз.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: