astana-view

Ақтөбелік кәсіпкерлер палатасының өкілдері балалар үйінің түлектерін бизнеске дағдыламақ

2014 жылғы 26 Наурыз
2972 просмотров

Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Жайсаң көпбейінді колледжінің студенттерін бизнеске дағдыламақ. ӨКП сарапшылары және «Жаңа дәуір кәсіпкерлері» атты кәсіпкерлер клубының мүшелері келешекте өз істерін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниеті бар колледж студенттерімен кездесті.

Бұл колледжде жетімдер мен психикалық дамуы тежелген балалар білім алады.

"Психикалық дамуы тежелген балалардың жұмысқа орналасуы өте қиын. Сондықтан оларды әлеуметтік ортаға бейімдей отырып, көмек көрсетуге ниеттеміз. Осы жолы оларды түйіндемені қалай дұрыс толтыру керектігіне оқыттық, бизнесті неден бастауға болатынын айттық", - деп хабарлады ӨКП сарапшысы Арман Бораш.

Кездесу барысында жеткіншектер «ЖДК» клубы, «Atamekenstartup» байқауы туралы, бүгінде кез келген бизнес бастап жатқан, бастаған кәсіпкер пайдалана алатын мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар болды.

Семинардан кейін Жайсаң көпбейінді колледждің студенттері қонақтарға қолдан жасалған бұйымдар көрмесін көрсетті.

Дерекнамасы: Казинформ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер