Ақтөбеде жетімдер үйінің түлектерін кәсіпкерлер палатасы еңбекке бейімдейді
Ақтөбе облысындағы жетімдер үйінің түлектерін кәсіпкерлер палатасының өкілдері еңбекке баулитын болады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Қазіргі күні Жайсаңдағы көпсалалы колледжде кемтар балалар тәлім алып жатыр. Олардың барлығы дерлік жастайынан жетім атанып, жарымжан халде күн кешуде. Өңірдегі кәсіпкерлер палатасы сарапшылары мен «Жаңа дәуір кәсіпкерлері» клубының мүшелері олармен кездесіп қайтты.
«Психикалық ауытқуға душар болған, әрі қорғаны жоқ жетім балалардың келешекте жұмыспен қамтылуы қиын. Сондықтан олардың әлеуметтік жағынан бейімделуін өз мойнымызға алып отырмыз. Әркез осында келіп, түлектерге қарапайым түйіндеме жазудан бастап, тіпті болшақта өз бинес жоспарларын жүзеге асыруға дейін көмектесеміз», - дейді кәсіпкерлер палатасының өкілі Арман Бораш.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: