astana-view

Сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

2014 жылғы 27 Наурыз
4257 просмотров

Колониядағы еңбек дағдысы – болашақтағы табыс кепілі. Осындай тақырыпта Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Басқосуға өңірлік кәсіпкерлер палатасының мүшелері, бизнесмендер, прокуратура органдарының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар менқылмыстық атқару жүйесі депаратментінің басшылығы қатысып, сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесін талқылады.

«Сотталғандар бостандыққа шыққан соң табыс көзін іздейтіні белгілі. Демек оларды жұмысқа тарту мәселесіне бүгіннен бастап көңіл аударғанымыз дұрыс. Осы мәселені шешу үшін біз қолымыздан келгенше тырысып жүрміз, алайда көңіл қуантатындай нәтижеге қол жеткізе алар емеспіз. Осыған орай мен кәсіпкерлерді әріптестік қарым-қатынас орнатуға шақырамын», – деді өз сөзінде Маңғыстау облысы қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Тимур Гашимов.

Оның айтуынша, ГМ 172/1 және ГМ 172/6 (екеуіде – қатаң тәртіп) түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар саны 1852 адамды құрайды. Оның ішінде жұмысқа жарамдысы 1418 адам болса,  еңбекке тартылғандар саны-399-ды құрайды. Бұл 72% сотталғандардың жұмыссыз отырғандығын көрсетеді.

Басқосуда сөз алған облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев, бұл сұрақ палатаның назарында болатынына сенім білдіріп, қылмыстық атқару жүйесі департаментімен кәсіпкерлер арасында байланыс орнату уақыт еншісінде екендігін атап өтті.

«Жиынға қатысып отырған кәсіпкерлерді бұл идеяны қолдауға шақырамын, әсіресе шағын бизнес өкілдерін, біле білген адамға бұл өте ұтымды болмақ, себебі өз жұмысын колонияда бастаған кәсіпкер еңбекке тартылған жазасын өтеушіге көп қаражат төлемейді, ең бастысы еңбекке тартыламын дегендер аз емес», – дейді  Ж. Доспаев.

Тараптардың пікірінше шағын және орта бизнес өкілдерімен қарым-қатынас орнату арқылы көптеген түйткілді мәселелерді шешуге болады, тек жан-жақты қолдау және мүдделік таныту қажет.

Дерекнамасы: Munara.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер