ҚР ҰКП меморгандар көрсететін қызметтер саласындағы бұзушылық үшін жауапқа тартуға шақырады
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық меморгандар көрсететін қызметтер саласындағы бұзушылық үшін жауапқа тарту шараларын қабылдауға шақырады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен брифингте ҰКП-ның спикерлері Қоғамдық мониторинг департаменті директорының орынбасары Ербол Өстеміров пен ҚР ҰКП төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева мәлім етті.
«2013 жылдың сәуір айында «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң шықты, яғни біз барлық тұрғындар мен кәсіпкерлер мемлекеттік органдармен олар көрсететін мемлекеттік қызметтері арқылы байланысқа түсетінімізді ұмытпауымыз керек. Осыған байланысты, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң мен ҚР Мемлекеттік істері агентігі қоғамдық мониторинг жүргізудің әдістемесін шығарғаннан кейін меморгандарының қызметін бағалауды жоспарлай бастады», - деді Г.Құрбанбаева.
Палатаның спикері атап өткендей, бұған дейін ҚР мемлекеттік қызметтерге мониторинг ешкім жүргізбеген.
Қоғамдық мониторинг барысында 12839 кәсіпкер, 141 фокус-топтар, 327 «жұмбақ сатып алушыға» сауалнама жүргізілсе, 589 респонденттен сұхбат алынды, 389 мемлекеттік органда 4614 сағатқа созылған қадағалау жүргізілді.
Жалпы, ҚР ҰКП мәліметі бойынша кәсіпкерлікпен байланысты әр аймақта 30 мемлекеттік қызмет түрі бар. Алайда, олардың 26 бойынша құқық бұзушылықтар тіркелген. 30 қызметтің 22-і аясында осы қызметтерді көрсету бойынша ақпарат қолжетімсіз. Ал, 18-і бойынша уақыт пен қызмет көрсету тәртібі бұзылады.
Бұл сауалнаманың мақсаты аталмыш саладағы әкімшілік кедергілерді, мемлекеттік қызметкерлердің процедуралық және субъективті бұзушылақтарын анықтап, мемлекеттік қызметті оңтайландыру үшін ұсыныстар, стандарттар мен регламент даярлау болатын.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылдың 20 желтоқсанынан бастап 2014 жылдың 20 ақпаны аралығында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 30 мемлекеттік қызметті сапалы көрсету бойынша қоғамдық мониторинг жүргізді.
Дерекнамасы: Strategy-2050
Пікір қалдыру:
Пікірлер: