astana-view

ҚР ҰКП меморгандар көрсетіп отырған 30 қызмет түрінің сапасы бойынша қоғамдық мониторинг өткізді

2014 жылғы 27 Наурыз
2445 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жылдың 20 желтоқсанынан бастап 2014 жылдың 20 ақпаны аралығында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 30 мемлекеттік қызметті сапалы көрсету бойынша қоғамдық мониторинг жүргізді.

«Жалпы кәсіпкерлікпен байланысты әр аймақта 30 мемлекеттік қызмет түрі бар. Алайда, олардың 26 бойынша құқық бұзушылықтар тіркелген.  30 қызметтің  22-і аясында осы қызметтерді көрсету бойынша ақпарат қолжетімсіз. Ал, 18-і бойынша уақыт пен қызмет көрсету тәртібі бұзылады», - деп ҚР ҰКП төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева мәлім етті.

Бұл сауалнаманың мақсаты аталмыш саладағы әкімшілік кедергілерді, мемлекеттік қызметкерлердің процедуралық және субъективті бұзушылақтарын анықтап, мемлекеттік қызметті оңтайландыру үшін ұсыныстар, стандарттар мен регламент даярлау болатын.

Жалпы, Г. Құрбанбаеваның айтуынша кәсіпкерлердің 35% мемлекеттік органдар өкілдерінің қызметіне көңілі толмайды.

Қоғамдық мониторинг барысында 12839 кәсіпкер, 141 фокус-топтар, 327 «жұмбақ сатып алушыға» сауалнама жүргізілсе, 589 респонденттен сұхбат алынды, 389 мемлекеттік органда 4614 сағатқа созылған қадағалау жүргізілді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан хабарлағандай, нысанды архитектуралық-жобалау тапсырмасын беру, кедендік тазарту және тауарды шығару, жер учаскісін мақсатты пайдалануды өзгерту бойынша шешімді беру, жер құрылысы бойынша жобаларды бекіту, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша субсидия беру бойынша мемлекеттік қызмет түрлеріне қатысты шағымдар көп түскен.

Қоғамдық мониторинг нәтижелері анықталған проблемаларды алдын-ала әшкерелеу және құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында ҚР Үкіметіне, сонымен қатар  ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жіберілді.  

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер