astana-view

Кәсіпкерлікпен ынтымақтастықты артамыз

2014 жылғы 28 Наурыз
2774 просмотров

2014 жылғы 11 наурызда Қызылорда облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясы) Қызылорда облысы бойынша ЭСЖКД жанындағы сыбайлас жемқорлыққа және «көлеңкелі» экономикаға қарсы күрес мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Қоғамдық кеңеске Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары І.Рахманов, Қызылорда облысы бойынша ЭСЖҚД жанындағы сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ө.Болатбеков, Қызылорда облысы бойынша ЭСЖҚД жанындағы сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері, «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының директоры Ж.Қарабала, Қызылорда кәсіпкерлері ассоциациясының төрағасы М.Ермаханов, Қазақстан кәсіпкерлері форумының Қызылорда облыстық филиалының  директоры Е.Раимов, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Баекеев, «Бабас» ЖШС директоры Н.Ерманов, Қаржы полициясы ардагерлер ұйымының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Ж.Бекішев, кәсіпкер Ж.Наурызбаева және Қызылорда облысы бойынша кәсіпкерлер Палатасы директоры М.Абсаттаров қатысты.

Департамент бастығының орынбасары І.Рахманов сөзді бастап, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдауына сәйкес, қазіргі уақытта қаржы полициясы органдары түрлі құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді пайдаланып және жұртшылықты тарту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа стратегиясын қалыптастырып, оны іске асыруын атап өтті. Сонымен қатар, Елбасының 2014 жылғы 27 ақпандағы «Кәсіпкерлік қызметтің дамуына қажетті жағдайларды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес 2014 жылғы 2 сәуірден 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субьектілеріне тексеру жүргізуге тыйым салу туралы айтылды.

Департаменттің ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы А.Әбдіқалықов қоғамдық кеңес барысында Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасына Transparency International (TI) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуші, халықаралық азаматтық-қоғамдық ұйымның ұсынымдарының негізінде шағын және орта кәсіпорындарға арналған парақорлыққа қарсы іскерлік принциптерін енгізу туралы ұсыныс білдіріп, сөз сөйледі.

Одан кейін Департамент басқармаларының бастықтары Н.Сарсенбаев және С.Нарегей  шағын және орта бизнес өкілдерінің қызметіне заңсыз араласу фактілерін болдырмау, алдын алу және жолын кесу бойынша жедел-қызметтік жұмыс нәтижелері жайлы баяндады. 

Кеңес барысында Қызылорда облысы бойынша ЭСЖКД жанындағы сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшесі болып Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасының директоры М.Абсаттаров қабылданды.

Отырыста кәсіпкерлердің қызметі барысында туындайтын өзекті мәселелер қаралды. 

Одан басқа, отырысқа қатысушылар қаржы полициясы органдары мен бизнестің тиімді өзара іс-қимыл жүргізу әдістерін ортаға салды, осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың көріністерін болдырмауға бағытталған бірқатар тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды.   

Қоғамдық кеңестің отырысын аяқтай келе, Департамент бастығының орынбасары кездесуге барлық қатысушыларды ашық диалогқа шақырды және әр аптаның сәрсенбі күндері шағын және орта бизнес өкілдері үшін, олардың қызметтеріне негізсіз араласу мәселелері бойынша Департамент бастығы М.Қожабаевпен жеке қабылдауы өткізілетіні жөнінде еске салды.

Дерекнамасы: finpol.gov.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер