astana-view

Павлодарда кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес өз жұмысын бастады

2014 жылғы 28 Наурыз
2587 просмотров

Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы жанында бизнесмендердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес өз жұмысын бастады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бұл туралы палата директорының орынбасары Бағадат Нұрбаев мәлімдеді. 

«Кеңес бизнес мүдделерін қорғап, кәсіпкерлердің құқығын бұзған лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартатын болады, сондай-ақ кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жетілдіруге атсалысады. Кеңес құрамына облыстық кәсіпкерлер палатасы басшылығымен қатар облыстық прокуратура, қаржы полициясы, әділет органдары, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік пен қалалық мәслихат өкілдері, облыстық қорғаушылар алқасы, дәрігерлер мен фармацевтер қауымдастығы, қоғам қайраткерлері, ғылым өкілдері мен бизнесмендер енді», - деді Б.Нұрбаев. 

«Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес сияқты органның құрылуы – бұл уақыт талабы. Кеңес бизнесмендер құқығының бұзылуына жол бермеу үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Біз өзімізге артылған сенімді ақтауымыз қажет», - деп атап өтті кеңес төрағасы Кенже Кенісбаев. 

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер