Бизнес-омбудсмен институтын енгізу арқылы ҚР ҰКП әсері күшейеді - Ғ.Қасымов
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (ҰКП) кәсіпкерлердің (бизнес-омбудсмен) құқықтары бойынша құзырлы тұлғаны 2 жылға тағайындауды ұсынып отыр, деп мәлімдеді ҚР Парламенті Сенатындағы ҰКП өкілі Ғани Қасымов.
«Кәсіпкерлердің құқықтары бойынша құзырлы тұлға ерекше іс жүргізу мәртебесіне ие болуы тиіс, оның ішінде ведомстволық актілерді соттық іс қарауына дейін тоқтату және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгіну құқығына ие болуы керек деп есептейміз. Нақты айтқанда, бүгінгі таңда бизнес-омбудсмен функцияларын ҰКП жүзеге асырады», - деді Ғ.Қасымов Астанада өткен ҰКП жанындағы V Кәспкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Кеңес отырысында.
Қазақстанда бизнес-омбудсмен институтын енгізу арқылы жалпы ҰКП-ның, сонымен қатар Кеңестің де ықпалы күшейеді.
«Кәсіпкерлер құқықтары бойынша құзыретті жедел шешім қабылдап, кәсіпкерлердің құқықтарына және заңды
мүдделеріне қысым жасау жағдайына тез әрекет ете алады. ҰКП Ұлттық палата төралқасы кәсіпкерлердің құқықтары бойынша құзырлы тұлғасы 2 жылдық мерзімге тағайындауды ұсынып отыр»,- деп толықтырды Ғ.Қасымов.
Сонымен бірге, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Қазақстандағы бизнес-омбудсменді тек қана Мемлекет басшысы тағайындауы керек деген пікір білдірді.
«Егер біз бизнес-омбудсмен фигурасы тиімді болғанын қаласақ, оған құқықтық мәртебе қажет. Тиімділікке қатысты бұл фигураны Мемлекет басшысы тағайындауы керек, бірақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының ұсынысымен», - деп атап өтті ол.
Депутаттың пікірінше, төралқаның кәсіпкерлердің құқықтары бойынша құзырлыны тағайындау ғана жеткіліксіз шара болмақ. Оларға артатын үміттер мен тапсырмаларды ескерген жөн», - деп қортындылады Мәжіліс өкілі.
Дерекнамасы: primeminister.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: