Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің алғашқы отырысы өтті
Осыдан Павлодар облыстық Кәсіпкерлер палатасы жанынан Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес құрылған болатын. Бүгін кеңестің алғашқы отырысы болып өтті. Ағымдағы 2014 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, өзекті мәселелер қаралды. Бұл туралы аталмыш ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.
Мәжіліс барысында Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасын таныстырды. Бұл қызметке қоғам қайраткері, облыста үлкен беделге ие Кинже Кеңисбаев тағайындалған болатын. Жиын кезінде Павлодар облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің жергілікті кәсіпкерге қатысты дөрекі әрекеті қаралды. Анықталғандай, мемлекеттік қызметкер тексеру өткізу мақсатында «Ольвия» кәсіпорынына баса-көктеп кіріп, дөрекі сөйлеген. Мәжіліске қатысқан аталмыш департамент басшысы тәртіп бұзған қызметкер ескерту алып, өз еркімен жұмысынан босатылғанын атап өтті.
Бұдан бөлек, кеңес мүшелері тарапынан алдағы жұмыстарға қатысты ұсыныс-тілектер де айтылды. 2014 жылға жұмыс жоспары бекітілді. Оған сәйкес кеңес отырысы кемінде айына бір мәрте ұйымдастырылмақ.
Дерекнамасы: Munara.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: