astana-view

Үкімет отырысында рұқсаттар жүйесіне байланысты заң жобасы мақұлданды

2014 жылғы 28 Наурыз
2674 просмотров

Үкімет 1 сәуірге дейін «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заң жобасын Парламент қарауына енгізеді. Аталмыш құжат бүгін Үкімет отырысында мақұлданды. Премьер-министр Серік Ахметовтың айтуынша, заңнама бизнеске негізсіз  рұқсат құжаттарды енгізуге тосқауыл болады. Енді  барлық лицензия түрлері жалпы 742 құжат бір заңға енді және олардың көбі хабарламаларға ауыстырылды. Алдағы уақытта мемлекеттік органдар тарапынан басқа лицензия түрлері шығарылатын болса, олар тек Мәжіліс арқылы бекітілетін болады.

Абылай Мырзахметов, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы:
-Өте қиын болады мемлекеттік органдарға жаңа қағаздарды енгізу. Бұл кәсіпкерлерге өте ыңғайлы. Көптеген рұқсаттар хабарлама түрінде болады. Тек Ұлттық экономика қауіпсіздігіне байланысты салалар лиценцияланады. 

Серік Жұманғарин, Өңірлік даму вице-министрі:
-Мысалы, Атом энергетикасы саласы өте қауіпты. Ал мысалы, құрылыс бастау үшін тек хабарлама жібересіз. Бұрын разрешение на строительство деген болатын. Оны біз алып тастадық.

Дерекнамасы: Хабар


Еншілес ұйымдар

Серіктестер