Павлодарлық кәсіпкерлерге сенім сертификаттары табыс етілді
Павлодар облыстық Кәсіпкерлер палатасында қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау бойынша жұмыс беруші кәсіпорындар қызметін ерікті деклорациялауды жүзеге асыру бағытындағы пилоттық жобаның таныстырылымы өтті. Аталған жобаны 2013 жылдың 27 қыркүйек күні ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Атамекен» ҰЭП және ҚР Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе отырып ұсынған болатын.
Шараға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының әлеуметтік-экономикалық даму департаментінің директоры Бауыржан Мусин, облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Райхангүл Сатабаева қатысты.
Жиын барысында Пилоттық жоба аясында Павлодар мұнай-химия зауыты және «Крендель» ЖШС-ге сенім сертификаттары табыс етілді. Бұл кәсіпорындар жұмысшылардың еңбек құқықтарын кепілді түрде сақтайтын жұмыс берушілер тізіліміне (реестріне) қосылады. Сенім сертификаты үш жылға беріледі. Оған ие кәсіпорындар аталған мерзімде еңбек заңнамасын сақтау бойынша тиісті инспекциялардың тексерісінен босатылады.
Аталған пилоттық жоба өндірісте кездесетін жазатайым оқиғалардың алдын алуға, қызметкерлердің мүдделерін қорғауға, еңбек жағдайын жақсарту бойынша жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Жоба Павлодар облысы алғашқылардың бірі болып жобаны сәтті жүзеге асыруда. Бұдан бөлек Шығыс-Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында да қолға алынған.
- Бүгінде мемлекет бизнестің жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасауда. Бизнес құрылымдар осы тектес жобаларға белсене қатысып, өздерінің әлеуметтік жауапкершіліктерін танытуы маңызды. Бұл жанды сала болып табылады, сондықтан да оған ерекше көңіл бөлу қажет. Осы бағытта жұмыс жалғасатын болмақ. Біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ретінде жұмысқа белсенділік танытып қатыспақпыз», – деді Сатабаева.
Дерекнамасы: Munara.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: