astana-view

Таразда тауарларды сертификаттауға арналған зертхана құрылуы мүмкін

2014 жылғы 31 Наурыз
2490 просмотров

Тараздық бизнесмендерге тауарларды сертификаттауға арналған сынақ зертханасы қажет. Мұндай өтініш Жамбыл облысы өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің екінші отырысында жария етілді, деп хабарлайды BNews.kz ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Кәсіпкерлер палатасына «МБМ-2007» ЖШС басшылығы түрік компаниясымен тамшылап суаруға арналған ауыл шаруашылығы техникасы мен шлангтарды жеткізуге келісімшарт бекіткені туралы мәлімдемесімен жүгінді. Жеткізу кезінде тауарды сертификаттаумен қиындықтар туындаған. Белгілі болғандай, аталмыш өнімді сертификаттауға арналған сынақ зертханалары тек Алматы мен Шымкент қалаларында ғана бар болып шықты. Осының салдарынан сертификаттау үдерісі ұзақ уақытқа созылып кетіп, оның үстіне 0,5 млн теңге мөлшерінде қаржылық шығындарға ұрындырған», - делінген хабарламада. 

«Бұл мәселе жиналыстарда бұдан бұрын да көтерілген. Менің ойымша, аталмыш мәселемен жүйелі түрде айналысып, оның шешім табуына жәрдем көрсету қажет. Өйткені зертхана жоқтығының салдарынан кәсіпкерлеріміз айтарлықтай қосымша шығынға батады», - деп атап өтті Жамбыл облысы ӨКП жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Бақтияр Алдашов. 

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер