astana-view

Колледж студенттерін шетелде оқыту ұсынылды

2014 жылғы 01 Сәуір
2717 просмотров

ҚР Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев кәсіптік, техникалық білім алған колледж студенттерін шетелде оқытуды ұсынып отыр деп хабарлайды "Нұр Отан"партиясының баспасөз қызметі.

«Біз «Болашақ» бағдарламасына ұқсас мемлекеттік білім беру бағдарламаны әзірлеуді ұсынып отырмыз. Осы арқылы техникалық және кәсіби білім алған мамандарының шетелде білім алуын қарастыру қажет», деді Нұржан Әлтаев.

Оның пікірінше, кәсіби техникалық білім беретін бірқатар мемлекеттік оқу орындарын кәсіпорындардың сенімді басқаруына тапсыру қажет.

«Дуальдік білім беру жүйесі бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік колледждерді кәсіпорындардың сенімді басқаруына немесе шефтік қамқорлығына беруді ұсынып отырмыз», деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары.

Нұржан Әлтаев кәсіби және техникалық білім беру туралы арнайы заң қабылдау қажет деп санайды.

«Бүінгі күні кәсіби-техникалық білім беру мәселелері білім туралы заңмен реттеледі. Ол заң бойынша кейбір түсініктер айқын емес. Қазіргі заңнамалық актілерде «дуальдік білім беру» деген түсінік жоқ. Сондықтан, осы мәселелерді ретке келтіру қажет», деп қорытындылады сөзін Нұржан Әлтаев.

Дерекнамасы: BAQ.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер