astana-view

Елімізде 9 кәсіпорынға сенім сертификаттары тапсырылды

2014 жылғы 03 Сәуір
2351 просмотров

Төрт өңірде 9 кәсіпорын сенім сертификатына қол жеткізді.

Аталған құжат бизнес иесін 3 жылға жоспарлы тексерістерден босатады. Алайда, осы уақыт ішінде кәсіпорын заң бұзса, сертификаттан айырылады. Бұл туралы Ұлттықкәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев хабарлады. Сенім сертификатын алу үшін кәсіпкерлер 26 талап орындап, арнайы тексерістен өтуі тиіс. Жоба жетекшілері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда және Алматы облыстарының іскер азаматтары ерекше қызығушылық танытты деп отыр. Бірнеше ай ішінде 25 өтініш келіп түскен. Өз бағын сынаймын дегендер облыстағы еңбек инспекциясына өтініш жазып, еңбек құқықтарын сақтау жөніндегі қызметті өз еркімен декларациялауы керек.

Нұржан Әлтаев, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:

- Қаралатын мәселелер жұмысшыларға төленетін жалақы көлемі, демалыс уақыты мен әлеуметтік жағынан көрсетілетін көмекке байланысты болады. Заңда көрсетілген жұмыс уақытының сақталуы және құқықтың қорғалуы да басты назарда болды. Соның бәріне декларация жасайды.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер