astana-view

Мораторийге кейбір кәсіпкерлік субъектілерінің қатысы жоқ

2014 жылғы 03 Сәуір
2493 просмотров

Бүгін күшіне енген мораторийге  кейбір кәсіпкерлік субъектілерінің қатысы жоқ. Олар қаржы секторы мен қару-жарақ, атом энергетикасы және улы затпен жұмыс істейтін бизнес салалары.

Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдері хабарлады. Бұл салалар барлық бизнестің тек 15 пайызын құрайды. Бүгіннен бастап Кәсіпкерлер палатасы Жарлықтың орындалуын бақылап, кәсіпкерлерге оның мәні мен мазмұнын түсіндіру жұмыстарын жандандырмақ.

Гүлнәр Құрбанбаева ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары: 
Мораторий - кәсіпкерлерге заңды бұзу үшін немесе құйтырқы әрекеттер істеу үшін жарияланып отырған жоқ. Бұл - кәсіпкерлерге барлық күш-жігерін кәсібіне жұмсауға беріліп отырған мол мүмкіндік. Мораторидің бизнеске қандай серпін бергенін біз бақылап отырамыз.

Дерекнамасы: Қазақстан


Еншілес ұйымдар

Серіктестер