9 кәсіпорынға сенім сертификаттары тапсырылды
Еліміздің 4 өңірінде 9 кәсіпорын сенім сертификатына қол жеткізді. Бұл құжат бизнес иесін 3 жылға жоспарлы тексерістерден босатады. Алайда осы уақыт ішінде кәсіпорын заң бұзса, сертификаттан айрылады. Бұл туралы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев хабарлады. Сенім сертификатын алу үшін бизнесмендер 26 талап орындап, арнайы тексерістен өтуі тиіс. Жоба жетекшілері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда және Алматы облыстарының іскер азаматтары бұл жобаға ерекше қызығушылық танытты деп отыр. Бірнеше ай ішінде 25 өтініш келіп түскен. Өз бағын сынаймын дегендер облыстағы еңбек инспекциясына өтініш жазып, еңбек құқықтарын сақтау жөніндегі қызметті өз еркімен декларациялау керек.
Нұржан ӘЛТАЕВ ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Ол жұмысшыларына қандай жалақы төлейді, қанша демалыс уақыт береді, әлеуметтік жағынан қандай көмек көрсетіледі. Заңда көрсетілген жұмыс уақыты сақтала ма, сақталмай ма? Құқытары бұзыла ма, бұзылмай ма? Соның бәрін өз еркімен декларация жасайды.
Дерекнамасы: Kazakh TV
Пікір қалдыру:
Пікірлер: