astana-view

Голландиялық аграрийлер Қазақстанда жылыжай салуды жоспарлауда

2014 жылғы 03 Сәуір
2798 просмотров

Нидерланды инвесторлары ҚР-да жылыжай салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіптік кешені комитеті тарапынан ұйымдастырылған Greenport Holland International компаниясы өкілдерімен кездесу барысында белгілі болды.

GHI кеңесі жылыжай секторының түрлі салаларында жұмыс істейтін зерттеу орталықтарынан бастап дайын жылыжай мен құрылғыларды тасымалдайтын компаниялардың басын біріктіреді, деп хабарлайды ҚР ҰКП ресми порталы.

Кеңеске сонымен қатар банктер, логистикалық компаниялар, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, маркетингтік және өзге де компаниялар де енеді. Атап айтар болсақ компаниялардың біріккен жұмысының арқасында жаңа жобалардың техникалық-экономикалық негізі дайындалып, сауда миссиялары орындалады, шет елдерден делегаттарды қабылдап, демоорталықтар мен оқыту орталықтарын ашу туралы келіссөздер жасалады.

Кездесу барысында тараптар голландиялық компаниялар үшін ҚР ҰКП инвестициялық тартымдылығы бойынша ақпарат сараптамасы мен жинау бойынша біріккен жұмысқа қол қойды.

Сонымен қатар голландиялық технологияларды зерттеу бойынша көшпелі семинар өткізу үшін ауылшаруашылық өнімдерінің жылыжайда өндіруды дамытуға мүдделі кәсіпкерлердің реестрін құру басталмақ.

Дерекнамасы: Strategy-2050


Еншілес ұйымдар

Серіктестер