astana-view

Кәсіпкерлерге сенім сертификаттары табыс етілді

2014 жылғы 03 Сәуір
2456 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі Павлодар қаласында өз жұмысын бастады.

Жаңа өкілетті орган бизнестің қызығушылығын бүтіндей қорғап, олардың құқығы бұзылған жағдайда лауазымды тұлғаларды жауапқа тарта алады. Кеңес құрамына прокуратура, Әділет, Мемлекеттік істер агенттігінен өкілдер енген. Алғашқы кеңесте бірқатар өзекті мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіп, үздік кәсіпкерлер марапатталды. Еңбеккерлердің құқығын сақтап, қалыпты еңбек етуіне жағдай жасап, жұмысты тиімді ұйымдастыра білген аймақтың 2 жұмыс берушісіне сенім сертификаттары табыс етілді. Енді олар 3 жыл мерзімге тексеруден босатылады.

Төлеген Оспанқұлов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қорғау және бақылау комитеті басқарма төрағасының орынбасары:

- Қазіргі таңда барлық өңірлерді қамтитын 16 бөлімшеміз бар. Әр өңірде қатерлі қызметпен айналысатын мекемелердің толық тізімі қолымызда. Сол тізім бойынша негізгі өңірлерде ай сайын мониторинг жүргізіп отырамыз. Мекемелерде жұмысшылардың жағдайына байланысты тексерістер болып тұрады. Еңбекке жарамды-жарамсызы, ауыр жұмыс істейтін жұмысшылардың жай-күйі, ауырып қалған жағдайда еңбекке жарамдылық туралы анықтамасының берілуі сынды жұмыстар қадағалауда болады.  

Бақытжан Ілиясова, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

- Мен өзіміздің кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді құттықтағым келеді. Олар өздерінің жұмыскерлері алдында әлеуметтік жауапкершіліктерін көрсетіп, еңбек заңдылығы мен оның қорғалуы туралы білімдерін ортаға салды.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер