astana-view

БҚО-ның кәсіпкерлер палатасы ашық есік күнін өткізуде

2014 жылғы 07 Сәуір
3319 просмотров

Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы тұрақты ашық есік күнін өткізетіндіктерін мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Аталмыш жоба билік органдары мен бизнестің тиімді әрекеттестігін ұйымдастыру мақсатында, бизнес субъектілерімен жұмыс кезінде туындайтын мәселелерді жедел шешу үшін, сонымен бірге бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдарға деген әдеттегі қатынасын өзгертіп, бұл қатынастарды серіктестікке айналдыруға бағытталған. 

«БҚО КП мемлекеттік органдармен бірлесіп Өңірлік палата алаңында «Ашық есік күні» форматында кәсіпкерлерді тұрақты қабылдап отыруды шешті. Бұл үшін мемлекеттік орган қызметкерлерінің кәсіпкерлерді қабылдау кестесі келісілді », - деп мәлімдеді БҚО КП экономикалық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Нұрлан Қайыршин. 

Дерекнамасы: Bnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер