astana-view

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы дистрибьютерлердің бірігуіне ықпал етті

2014 жылғы 07 Сәуір
2388 просмотров

Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы өңірдегі өз кәсібін жүргізіп және дамытқысы келетін кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді. Осы орайда мотор майларын жеткізумен және сатумен айналысатын кәсіпкерлердің ұсынысымен және өңірлік палатаның қолдауымен «Мотор майын тиімді пайдалану» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді деп хабарлайды Businessnews.kz

Бұл шараның ұйымдастыруды ұсынған «Ансар Бизнес Компании ЖШС Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасына аталмыш салада жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруға көмек көрсетуін сұраған. Нәтижесінде облыстағы мотор майларын жеткізумен және сатумен айналысатын және көлік құралдарына техникалық қызмет көрсететін кәсіпкерлердің басын біріктіріп, тәжірибе алмасуларына мүмкіндік туғызды.

Іс-шарада «Bizol» сауда маркасын Қазақстанда өткізуші еомпания өкілі Марат Ысқақов кәсіпкерлер алдында презентация жасады. Семинар барысында тыңдаушыларға өнімнің артықшылықтарын түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Олар мотор майларының экономикалық, экологиялық тұрғыдан дұрыс пайдалануын талқылап, өнімнің биік сапасын белгіледі.

Дерекнамасы: Businessnews.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер