Қолайлы инвестициялық климатты қалыптастару мәселесі талқыланды
Өткен жылы Атырау облысындағы шетелдік және бірлескен компаниялар қазынаға салық есебінен 1 трлн. 700 млрд. теңге пайда түсірген.
Алайда, қара алтынды аймақтың мүмкіндігі бұдан анағұрлым артық. Сондықтан Қазақстанда қалыптасқан қолайлы инвестициялық климатты барынша тиімді ету үшін не істеу керек? Атырауда өткен І өңірлік экономикалық форумда осы мәселе кеңінен әңгіме болды. Форумға 500-ден астам бизнес өкілі, мемлекеттік орган өкілі мен шетелдік инвесторлар қатысты. Жиылғандар шетелдік кәсіпкерлікті дамытуға кері әсер ететін факторлар төңірегінде ойларын ортаға салды.
Жанат Ертілесова, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары:
- Біз бүгінгі форумға «Даму» қорының және батыстағы барлық облыс әкімдіктерінің өкілдерін шақырдық. Мемлекет пен кәсіпкерлік арасындағы келісімдерді жүйеге түсірудің жаңа үлгісін табудың жолдарын қарастырудамыз. Мақсат– бизнесті дамыту, Қазақстан экономикасына жаңа инвестиция тарту.
Дерекнамасы: 24kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: