astana-view

Литва елшілігі Ертіс өңірінде құрметті консулын тағайындамақ

2014 жылғы 07 Сәуір
2407 просмотров

Бұл туралы бүгін Павлодарға барған Литваның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Рокас Бернотас мәлімдеді.

Қазақстан мен Литва арасындағы сауда айналымы соңғы жылда 500 млн. еуроға жеткен. Елші облыстық кәсіпкерлер палатасында жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, өз елінің мүмкіндіктері жайында баяндады. Елшінің пікірінше, ауылшаруашылығы, химия, биотехнология, көлік, телекоммуникация және туризм салаларын дамытуда орнаған әріптестік екіжаққа да тиімді. Халықаралық EXPO-2017 көрмесін өткізу мәртебесіне ие болып отырған Қазақстанға әлем елдері зор қызығушылық танытып отыр. Литва елшісі жылдың аяғына дейін Астана мен Вильнюсті жалғайтын әуе қатынасы ашылып, Павлодарда құрметті консул тағайындалатынына сенім білдірді.

Рокас Бернотас, Литваның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі: 

- Соңғы кезде экономика саласының қарқынды дамуы қуантады. Литваның ең ірі Arvis концерні Қазақстанда өз кәсіпорынын ашып, инвестиция құюды көздеп отыр. Литва – шағын мемлекет. Біздің еліміз экономикалық, сауда-саттық және мәдени байланысты орнату үшін әр аймақта өзінің құрметті консулдарының болғанын қалайды.

Дерекнамасы: 24KZ


Еншілес ұйымдар

Серіктестер